Айбек Нұғымаров «Қазақстан Барысының» екі дүркін чемпионы атанды

Оралхан Дәуіт - 08.06.20192050

Елордада Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің жүлдесі үшін «Қазақстан  Барысы» респуликалық турнирі аяқталды. Чемпион – Айбек НҰҒМАРОВ. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайты хабарлайды.

Бұл доданы "Нұр-Отан" партиясы, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР қазақ күресі федерациясы және "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры ұйымдастырды.

Тоғызыншы рет ұйымдастырылған турнирге  еліміздің 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 36 үздік балуан қатысты. Және күштік құрылымдар арасында өткен бәсекенің жеңімпаздары да бар. 

Үшінші орын үшін Айбек СЕЙТЕН (Нұр-Сұлтан қаласы) мен Руслан ӘБДІРАЗАҚОВ (Алматы қаласы) кездесіп, алматылық балуан таза жеңіске жетті. Руслан осымен «Қазақстан Барысының» екінші рет қола жүлдегері атанды.

Финалда Айбек Нұғымаров (ШҚО) пен Ерасыл ҚАЖЫБАЕВ (ШҚО) белдесті. Жеңіске Айбек Нұғмаров жетті.


Фото: turkystan.kz

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.