Билік мәңгі үстемдік орнатудың қамымен жүр

Сайт Әкімшілігі - 09.06.20192358

                                                                                                                (көрнекі сурет)

Авторитарлық билік мәңгілік үстемдігін орнату қамымен жүр. Барлық ресурсты қолына жинақтаған, оларды өз билігін сақтап қалудың құралы ретінде пайдалануды толық меңгерген (Ю. Хабермастың тұжырымдауы бойынша «инструментальная власть» деген осы), бұқаралық қозғалыстарды аяусыз жазалаудың былғаныш механизмдерін қолданудан тайынбайтын билік иелері сауатты, тәжірибелі және айлалы левиафанға айналды. Ал халық бұқарасы болса, саяси-құқықтық сауатты қимыл жасай отырып, билік иелерімен паритетті келіссөз жүргізуге қол жеткізе алмайтын болды.

Бұлар – қазіргі қазақтың бас сақинасына айналған келеңсіздіктердің кейбір ел құлағына жетіп жүргендері ғана. Бұл тізімді шексіз соза беруге болады. Бірақ біз өйтпейміз. Бұл мысалдарды келесі ойды осыдан өрбіту үшін ғана келтіріп отырмыз.

Егер осындай, жоғарыдағылар ашық қоғам құруға асықпайтын, төмендегілер қоғамның болашағы үшін саяси сауатты әрекет жасай алмайтын күй жалғаса берсе, онда қоғамның болашағы не болмақ? Келер ұрпақ қандай жағдайда өмір сүрмек?

Біз – кемшілігін айтқанды бірден жауға балайтын, құрғақ мақтау естігенде жаны жай табатын халыққа айналғанбыз. Бұл – көңілге қонатын қылық емес. Мен отандастарымды ащы шындыққа тура қарай отырып, бәрін сабырмен қабылдауға шақырамын. Өйтпегенде, У. Шекспир ескерткендей, «егер жамандық жайлы тыңдағың келмесе, ол өзі-ақ үнсіз келіп жаныңнан табылатын болады».

Зерделі зиялы өкілдері қазіргі қазақ қоғамының алдында кесе көлденеңдей тұрған кедергілерді бұзып өтудің  жолдарын іздеумен келеді. Осы зерттеулердің мақсаты да сол – халықтың саяси белсенділігінен айырылып қалуы, әлеуметтік апатияға және құқықтық нигилизмге бой алдыруы, саяси сүлесоқтықтың иектеуі,.. сияқты бұқаралық санадағы мешеуліктердің орын алу себептерін ашу болып табылады. Мәселе талқылануы керек. Себеп анықталмай салдар түсінілмейді. Қанеки, бірге іздесейік.

Тәуелсіз зерттеуші Қанағат Жүкешевтің "Жас Алаш" газетіне шыққан 

"Билік метаморфозасы және әлеуметтік-психологиялық апатия" мақаласынан үзінді 




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.