Нұр-Сұлтан полициясы Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді екінші рет ұстады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 09.06.2019549

9 маусым кешкісін Нұр-Сұлтанда полиция Азаттық тілшісі Сәния Тойкенді екінші рет ұстады. Полиция Азаттық тілшісі мен ондаған адамды қаладағы Есіл аудандық полиция бөлімшесіне апарған. Полиция Азаттық тілшісін бір сағаттан соң босатты.

Сәния Тойкен полиция адамдарды күштеп автобусқа салып, бөлімшеге апарған сәтіне куә болды. Азаттық тілшісі полицияның бір әйелге күш қолданғанын көрген. Куәгерлердің айтуынша, полиция ол әйелді итеріп, еденге құлатқан.

Сәния Тойкен Азаттық редакциясымен хабарласқан сәтте тұтқаның ар жағынан әйелдің қиналып, жылап жатқан дауысы естілді. Өзін Кәмшат Сапарова деп таныстырған әйел Азаттық тілшісіне күйеуімен екі бала тәрбиелеп отырғанын, наразылық шарасына қатыспағанын, тек сырттан бақылап тұрғанын айтты.

9 маусым түс ауа Нұр-Сұлтанда «Жастар» сарайы маңында полиция сайлауға мен қарсы шыққандарды ұстап әкетті. Олардың арасында Азаттық тілшісі Сәния Тойкен де болған. Полиция кейін Азаттық журналисін босатқан еді.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзден астам адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.