Министрлік наразылық кезінде үш полиция зардап шеккенін хабарлады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 09.06.2019337

ІІМ 9 маусымда Нұр-Сұлтандағы наразылық кезінде үш полицияның зардап шеккенін хабарлады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг кезінде ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты.

Қожаев "наразылар полицияға тас, қолдарына түскен заттарды лақтырды. Көз ашытатын баллон қолданды" деп айыптады.

Министрлік өкілінің сөзінше, екі полицияға тас тиген, біреуінің көзі газ баллонынан күйген.

Орталық сайлау комиссиясындағы жиында Қожаев 9 маусымдағы наразылық кезінде 500-дей адам ұсталғанын, полиция наразыларды ұстау кезінде заңға сай әрекет еткенін айтты.

9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүздеген адамды ұстады. Елде бір-екі сағат интернет жұмысында ақау байқалды.

Нұр-Cұлтан полициясы наразыларды қалай ұстады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:13 0:00

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.