Қосанов Тоқаевтың жеңісін мойындады

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ - 10.06.20191577

«Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысына президенттікке түскен Әміржан ҚОСАНОВ Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫ жеңісімен құттықтады. Қоғамдық пікір институты exit poll нәтижесін жариялаған еді. «Нұр Отан» партиясынан түскен кандидат 70, 13 пайыз дауыс жинаған.

Оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫН құттықтаған.

«Сайлаудың нәтижесінде жеңіске жеткен президент Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның осы сайлау науқанында айтқан электоралды процесске қатысты, оның ішінде билікпен қоғам арасындағы диологты қалыптастыру, балама пікірге, сыни пікірге төзімді болу туралы ойларын қолдай отырып, осы жеңісімен құттықтаймын», - деді Әміржан Қосанов.

Еxit poll нәтижесін бойынша Әміржан Қосанов 15, 39 % жинаған. Қалған бес кандидат 6 % жинай алмаған.  Оппозициялық саясаткердің айтуынша, Қазақстан демократиялық күштерінің бірікпеуі және шетелде жүрген оппозицияның «бойкот жариялауы» жеңіліп қалуына себеп болған.

Фото: ehonews.kz

Мақала авторы:

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.