16,02 % бұрын-соңды оппозиция бұндай дауыс жинай алмады

Оралхан Дәуіт - 10.06.20192623

Елорда бюрократтардың қаласы емес, демократтардың қаласы екен. «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысынан түскен Әміржан ҚОСАНОВ астанада да өзінің қолдаушыларының көп болғанын айтты.

Бүгін астанада Әміржан Қосановтың сайлауалды штабына журналситтер мен қоғамдық белсенділер келіп өз сұрақтарын қойды. Жиналғандар Орталық сайлау комиссиясының нақты нәтижесі шықпай жатып, Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫ құттықтауын түсіне алмайтынын айтты.

«Қазақ оппозициясы психологиялық кедергіден өтті. Серікболсын ӘБДІЛДИН, Жармахан ТҰЯҚБАЙ ренжімесін. Олар бұндай дауыс жинаған жоқ. Мені 1 472 733 адам қолдады. Неге осы қолдауды пайдаланып парламенттік сайлауға түспеске. Көп сындар айтылып жатқанын білемін. Менің саяси өлік болам ба, болмаймын ба оны уақыт көрсетеді», - деді саясаткер.  

Сондай-ақ, саясаткер сайлауда болған заң бұзушылықтарды штабының тіркеп жатқанын айтты. Бұл мәселе жай қалдырмайтынын мәлімдеді.

Фото: azattyk.org

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.