Путин Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Оралхан Дәуіт - 10.06.2019581

Ресей Федерациясының президенті Владимир ПУТИН Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫ президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қос елдің басшылары телефон арқылы сөйлескен. Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ Путинге құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның Ресеймен жан-жақты ынтымақтастығы жөніндегі ұстанымы жалғаса береді деген. Сондай-ақ, Ақорда басшысы Қазақстандағы Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі Алексей БОРОДАВКИНДІ қабылдады.

2019 жылдың 20 наурыз күні Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ отставкасынан кейін президенттік қызметке кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев 3-сәуір күні алғаш ресми сапарын Ресейге жасаған болатын.

Фото: bilim-priozersk.kz

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.