Тоқаев өзіне ән арнауға тыйым сала ма?

Әйгерім Жетпісова - 10.06.2019809

Президенттік сайлауда  70,76 пайызбен жеңіске жеткен президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА арналған ән жазылды. Бұл туралы ақын Балтабек НҰРҒАЛИЕВ өзінің facebook.com әлеуметік желісіндегі парақшасында жазды. Сөзін Балтабек Нұрғалиевтің өзі жазған. Темірқазақ деп аталатын ән авторы Әбдіғапар ТЕМІРХАНОВ болса, Дәурен ТАШПЕНОВ орындапты.

2017 жылы көршілес Өзбекстан елінде әнші Дильфуза ИСМАИЛОВА өз елінің екінші президенті Шавкат МИРЗИЯВКЕ арналған әнді салған еді. Сол кезде өзбектің екінші президенті өзі туралы ода жазуға тыйым салған-ды. Қызық, Қазақстанның екінші президенті мадақтар мен арнауларға қалай қарайды екен?  Айтпақшы, 2019 жылдың сәуір айында Ақтау қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті бейнеленген үлкен билборд ілінген еді. Қазақстанның екінші президенті оны алдырып тастаған болатын.

Темірқазық

1)
Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады. 
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз. 
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

2)
Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз. 
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!


Фото: interessant.ru

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.