Ринат Зайытовты полиция ұстап алып кетті

Әйгерім Жетпісова - 10.06.20195038

Айтыскер ақын Ринат ЗАЙЫТОВТЫ полиция ұстап алып кетті. Бұл хабар facebook.com қолданушысы Ирина СОВЕТЖАНҚЫЗЫНЫҢ жеке парақшасында жарияланды.  

Ринат Зайытов facebook.com әлеуметтік желісінде сағат 18-00 де бір топ тәуелсіз бақылаушылардың жиналатынын мәлімдеген еді. Айтыскер сайлауға қатысты заң бұзушылықтарды жариялайтынын айтқан.

«Алатау» театрының жанына жиналған белсенділерді полиция жасағы ұстап алып кетті. Ринат Зайытов жиналғандар өзінің партия құруға пейілді екенін айтқан. Азаттық радиосының хабарлауынша, оқиға орнында бір адам есінен танып құлап қалған. Әзірге құзырлы орган бұған қатысты ешбір ресми ақпарат таратқан жоқ.

Фото: thewikihow.com

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.