"Ринатты қолдауға жарты сағатта 150 адам жиналды"

Сайт Әкімшілігі - 10.06.201912531

Сайлаудағы заңсыздықтарды жариялаймын деп қамауға алынған Ринат ЗАЙЫТОВТЫ қолдаушылар Алматы қалалық полиция депортаментінің алдына жиналып жатыр. Тележурналист Мақсат ТОЛЫҚБАЙ айтыскер ақынды қолдап жарты сағатта жүздеген адамның жиналғанын instagram.com әлеуметтік желісінде хабарлады.


«Ауруын жасырған өледі. Сайлау заңсыз өтті деген бір ауыз сөз үшін жігіттерді қамауға бола ма? Ринат, Еркін ағаларымызды басқа да отандастарымызды қамау бассыздық. Бұл жерде ешкім ештеңені қиратқалы тұрған жоқ. РОВД-ды аралып жүрмейміз. Ұсталған азаматтарды ортаға алып келсін. Осында күтеміз. Ешкім ешқайда қайтпайды.Жарты сағатта 150 адам жиналдық. Бір сағатта 500,  2 сағатта 1 мың боламыз, үш сағатта он мың боламыз. Билікке айтарымыз. Жағдайды ушықтырмаңдар», - деді тележурналист Мақсат ТОЛЫҚБАЙ.

Фото: facebook.com

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Кадырбаева Анар утебековна 11 Маусым, 2019

Дұрыс айтасын Халық Ринатпен сендермен бірге Босатуын сұраймыз Қара халық онсыз да капалы Жағдайды ушыктырмасын

Жауап беру