Түркіменстан жаппай велосипедке мініп жатыр, ал, Қазақстан велосипедке ақша таппай отыр

Дерек көзі: www.azattyq.org - 25.02.2018317

Соңғы жылдары ел билеудегі тосын әркеттерімен елді таң қалдырып, әрі күлкісін келтіріп жүрген Түркіменстанның президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов тағы бір ерекше бұйрығымен мемлекеттік қызметкерлерді әбігерге салып қойды.

Енді Түркіменстандағы әр мемлекеттік кәсіпорын жаппай веложарысқа қатысу үшін орташа есеппен үштен алты адамға дейін жіберуі тиіс. Және ол адамдар өз есебінен велосипед сатып алатын болады. Велосипед тым қымбат болғандықтан елдегі кейбір мекемелерде велосипедтің ақшасын ұжым болып ортақтасып төлеп сатып алуды ұйғарыпты.

Түркіменстанда велосипед шығаратын зауыт жоқ, бір велосипедтің бағасы 3000-4000 манат (375 мың теңгеге жуық) болады.

Тағы бір айтары, басшылықтың бұйрығы бойынша, сатып алынатын велосипед міндетті түрде ақ түсті болуы тиіс. Өйткені ақ түс – Бердімұхаммедовтың жеке басына табынудың нышанына айналған. Енді мемлекет сәуір айына веложарыс ұйымдастырып отыр. Ел басшысы, үкімет пен парламент мүшелері, әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер, мемлекеттік қызметшілер мен студенттердің қатысуымен өтетін жаппай велошеру жыл сайын өтетін дәстүрлі «Денсаулық пен бақыт» айлығын бастайды.

Ал, осы кезде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Астана» велоклубы қаржыдан тарлық көріп, жабылу алдында тұр деген ақпарат тарады. Бұл туралы команданың бас менеджері Александр Винокуров айтқан.

«Өте қиын ахуал қалыптасты. Бізбен келісімге отырған 30 шабандоздың алдында алған міндетіміз бар. Жаттықтырушылар, дәрігерлер, массажистер, механиктер мен тағы басқаларын қосқанда 50 адамнан асады. Жарыс өтетін жерге ұшып бару, онда тұру, логистика – осылардың барлығына керек шығынды кейінге ысыруға болмайды, қаржыландыру кешіксе команданың жұмысы тоқтап қалады, ал алда маусымның ең маңызды жарыстары тұр» дейді бұл жөнінде А. Винокуров.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды