Буффон: Роналдудың ойынына сүйсінемін

Дерек көзі: www.azattyq.org - 03.04.2018141

Әлемдегі даңқты қақпашылардың бірі – Джан Луиджи БУФФОН Кардифа финалынан кейін араға 300 күн салып Реалмен қайта кездеспек. «Білем, менің жасым қырықта. Тым қатты өзгердім деп ойламаймын, өткен ЧЛ финалында болған жәй өз мағынасын жойып, бәрі басқаша болады»,- деді Ювентус қақпашысы marca.com интернет басылымына. «Реал әлемдегі ең үздік команда. Бұған біреу қарсы уәж айта ма? Соңғы төрт жылда үш рет жеңіске жетті. Осының өзі көп жайды аңғартады. Алайда, жеңілмейтін команда болмайды. Реал Мадрид фоворит. Бірақ та біздің мүмкіндігіміз елуде-елу. Южентуста жеңіске қалай жету керектігін білетін тамаша команда.Криштиану РОНАЛДУ ғажап формада. Тарихты жасай бергісі келетінін көрсетіп келеді. Менің ойынына сүйсінемін», - деді Ювентус қақпашысы. Былтыр Чемпиондар Лигасының финалында испаниялық команда италиялық ұжымды 4-1 есебімен ұтқан болатын. Енді биылғы ЧЛ бірде-төрт финалында Реал мен Ювентус тағы да ойнайтын болады. Матч бүгін өтеді.

Фото: telegraf.com.ua

         

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.