Головкинның 38-ші жеңісі

Дерек көзі: www.azattyq.org - 06.05.2018156

Қазақстандық боксшы Геннадий ГОЛОВКИН америкалық Ванес МАРТИРОСЯНДЫ  екінші раундта нокаутпен жеңді,- деп хабарлайды zhasalash.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қарағандылық боксшы қарсыласын екінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде Головкин бірінші секундтардан шабуылын үдете түсті. Мартиросян бірнеше соққысын дарыта алды. 36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Бұл жекпе-жекті  QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетті.

Фото: telegraf.com.ua

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.