Еркін күрестен Қазақстан үшінші орын алды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.04.2019986

Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында еркін күрес балуандары жарысты аяқтады.

Құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев құрлық біріншілігіне Мейрамбек Қартбай (57 келі), Бауыржан Төребек (61келі), Саятбек Оқасов (65 келі), Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Данияр Қайсанов (74 келі), Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Әділет Дауланбаев (86 келі), Ералы Әбдірашев (92 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Олег Болтин (125 келі) секілді 10 балуанды алып барған еді. Бесеуі жүлдеге ілікті. Оның ішінде екеуі алтын, біреуі күміс, екеуі қола медаль болды. Қазақстан еркін күрестен жалпы командалық есепте үшінші орынға табан тіреді. Алдымызды Иран мен Үндістан балуандары орап кетті.

Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде екі бірдей қазақ балуаны финалға дейін жетті. Олар – 65 келідегі Саятбек Оқасов пен 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов.

Нұрқожа финалға дейін Ирак, Түркіменстан, Иран балуандарын жеңді. Шешуші сында жапониялық балуанды бетқаратпай ұтты.

Ал 65 келідегі Саятбек Оқасов финалға дейін үш қарсыласын жеңгенімен, алтын жүлде үшін таласта үндістандық балуанға есе жіберді.

Екінші алтынды кеше 74 келіде белдескен Данияр Қайсанов еншіледі. Ақтық айқаста Қайсанов үнділік балуан Дханкарды 5:0 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің чемпионы атанды. 

Іріктеу айналымдарында Данияр Моңғолия, Өзбекстан және Бахрейн балуандарынан басым түсті. Бұл Даниярдың құрлық көлемінде жеңіп алған екінші ірі жүлдесі. Ол 2018 жылғы Азия ойындарында күміс медальға қол жеткізген болатын. 

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан командасы үшін Азия чемпионаты 5 медальмен аяқталды. 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов пен 74 келідегі Данияр Қайсанов құрлық біріншілігінде топ жарса, 65 келідегі Саятбек Оқасов финалда ұтылды. 79 келідегі Ғалымжан Өсербаев пен 97 келідегі Ерғали Әлішер қола жүлдегерлер қатарында.

Кездесу нәтижелері:

57 келі:

 1/8 финал – Мейрамбек Қартбай (Қазақстан) – Кумар Рави (Үндістан) – 4:9

61 келі:

Іріктеу –Бауыржан Торебек (Қазақстан) – Кумсонг Ри (Северная Корея) – 3:8

65 келі:

1/8 финал –Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Хаджы Мохаммад Әли (Бахрейн) – 9:1

1/4 финал – Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Ерназар Ахметалиев (Қырғызстан) – 10:0

1/2 финал – Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Ханг Сонг Ким (Корея) – 4:4 Финал – Саятбек Оқасов (Қазақстан) – Бажранг (Үндістан) – 7:12.

70 келі:

1/8 финал – Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Карам Шахир Махмуд (Ирак) –0:0

1/4 финал  – Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Батыр Боржаков (Түркіменстан) – 11:0

1/2 финал  – Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Алиакбар Емамишогаеи (Иран) – 12:2

 Финал – Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) – Коджиро Шига (Жапония) – 9:0.

74 келі:

1/8 финал  –  Данияр Қайсанов(Қазақстан) – Отгонбаяр Батсури (Моңғолия) – 8:1

¼ финал

Данияр Қайсанов(Қазақстан) – Артем Присяжнюк (Өзбекстан) – 12:0

½ финал

Данияр Қайсанов(Қазақстан) – Адам Батыров (Бахрейн) – 0:0

Финал

Данияр Қайсанов(Қазақстан) – Амит Кумар (Үндістан) - 5:0

79 келі:

1/8 финал – Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Азамжон Юсупов (Тәжікстан) – 10:0

 1/4 финал – Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Нодирбек Егамбердиев (Өзбекстан) – 8:0

 1/2 финал – Парвен Рана (Үндістан) – Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – 3:2

3-орын үшін – Ғалымжан Өсербаев (Қазақстан) – Юта Абе (Жапония) – 6:0

86 келі:

Әділет Дауланбаев(Қазақстан) – Доминик Абоу Надер (Ливан) – 9:6

Абдурасул Вахобов (Өзбекстан) – Әділет Дауланбаев(Қазақстан) – 14:8

92 келі:

Ералы Абдрашев (Қазақстан) – Азат Гаджиев (Түркіменстан) – 7:0

Азизбек Солиев (Өзбекстан) –Ералы Әбдірашев (Қазақстан) – 10:0

97 келі:

1/4 финал – Әлішер Ерғали (Қазақстан) – Мин Во Сео (Корея) – 6:2

1/2 финал – Реза Әли Яздани (Иран) – Әлішер Ерғали (Қазақстан) – 9:3

3-орын үшін – Әлішер Ерғали (Қазақстан) – Магомед Мусаев (Қырғызстан) – 6:2
125 келі:

Олег Болтин (Қазақстан) – Лхагвагерел Мунхтур (Моңғолия) – 2:0

Хасанбой Рахимов (Өзбекстан) – Олег Болтин (Қазақстан) – 2:0

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.