Нұрділда Ораз: Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 700 адам митинг кезінде ұсталды

Асмира Ермекқызы - 11.06.2019545

ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда ОРАЗ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы санкцияланбаған митингіге шығып, ұсталған адамдардың санына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Жас АЛАШ  zakon.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Алғашқы күні 500 адам болды, екінші күні 200-ге жуық адам, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды",-деп мәлімдеді Нұрділда Ораз.
Айтуынша, бұл Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша көрсетілген деректер.
Ал, қалған қалалар жөнінде ақпаратты министрдің кеңесшісі тек жобалап қана жеткізді.
"Бірінші күні 400-ге жуық  адам жауапкершілікке тартылса, екінші күні 500-ге жуық адам жеткізілді, 150-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған",-деп хабарлады Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз.

Айта кетейік, сайлау күні Алматы қаласының өзінде митингіге шыққан 500 адамды полиция алып кетті деген хабар тараған. Осыған қатысты ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразы топты диалогқа шақырған болатын.  Сондай-ақ, Қазақстандағы әлеуметтік желілердің блокталуына қатысты пікір білдірген еді.


Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.