"Назарбаевтың дәуірі өтті"

Асмира Ермекқызы - 11.06.20199732

ҚР мәжіліс депутаты Бекболат ТІЛЕУХАН Қазақстандағы митингіге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Жас АЛАШ фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланған видеоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Прогресс бар ғой? Бар. Бұрынғы сайлаудағыдай емес, бақылаушы да көп. Оппонентің де мойындап отыр. Айналайын, атыңды бәйгеге қоссаң да, бәйгесіне риза емес адамдар қашанда табылады. Саяси процесс түгіл жай ғана ат бәйгесін өткізсең де солай. Ал, енді осыған байланысты "битке өкпелеп тоныңды отқа жағыпты" деген сияқты алаңға шықтық делік. Кім алаңға шығып, кім төңкеріс жасап мұратына жетіпті? Қай ел төңкеріс жасап өз отырған бұтағын өзі аралайды? Әбілазов ол - ішіне қан қатып қалған адам. Ол кегін алу үшін ешкімнен, ештеңеден аянбайды. Өзі де айтқан "Қырғыздың революциясын мен жасадым, Қазақстанға әсер ету үшін" деп. Сонда, қаншама қанды мойнына жұтып, қаншама жетімді, қаншама сынған тағдырларды мойнына алып, осы күнәсін айтып отырған адамнан жақсылық күтіп отырған ағайынға мен таңқаламын. Әрине, қыжыл бар. Иә, кредитін жаба алмай отырған елдер бар. Үйін-күйін, жағдайын жасағысы келіп отырған елдер бар. Бірақ ол Әбіләзовтың айтағымен шешілмейді. Ана жерде тұрған полиция да біздің бауырларымыз. Ал, алаңға шығып эмоцияларын беріліп жатқан   менің ұлдарым мен қыздарым. Екеуін қағыстырып жатқан,сондай бір қасіретті жағдайға итермелеп жатқан, осы трагедияға беріліп қою деген ағайын ол өте қиын қасірет. Біз мұрша берейік. Тәуелсіздіктің екінші емтиханы басталды. Жаңа дәуірге өттік. Назарбаев дәуірі өтті. Өзінің тиесілі шаруасын бітірді. Астанасын салды. Бүкіл әлемге танытты. Бірақ, Қазақстан сияқты елге сыртпен қарым-қатынас жасайтын дипломат керек екенін біліп отырсыздар. Енді, осы нәрсенің бәріне мұрса беру үшін бізге қазір ақыл, сабыр, тарихи таным, осының бәрін терең түрде зерделі түрде түсінетін бізге қазақтың ұлағатты бір тектілігі қажет",- деп мәлімдеме жасады Бекболат Тілеухан.


Фото: elana.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.