ҚР Президентін ұлықтау рәсімі өтті.

Асмира Ермекқызы - 12.06.2019423

Елордада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Бұл туралы Жас АЛАШ www.24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. 
Заңға сәйкес, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді. 
Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды. 
 Осы сәттен бастап ол президент ресми қызметiне кiрiсті. Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда 70,96 процент дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын. Nur Otan партиясының үміткеріне 6 миллион 539 мың 715 сайлаушы дауыс берген.

 Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдары Қазақстан Республикасының премьер-министрі, Парламент Сенатының төрағасы, Біріккен ұлттар ұйымы төрағасының орынбасары сияқты жауапты қызметтерді атқарған. 

Фото: informburo.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.