Бас прокуратура: Митингілердің алдын алатын боламыз

Нұрболат Әлдибек - 12.06.2019703

ҚР Бас прокуратурасы өзінің ресми парақшасында тағы да мәлімдеме жасады. Құзырлы органның мәліметінше бейбіт шеру кезінде полицияны арандатып, оларға шабуыл жасаған фактілер болыпты.

Алайда, Ғизат ДӘУРЕНБЕКОВ басшылық ететін құзырлы орган полицейлерге жасалған шабуыл жайлы қысқа ғана ақпарат таратқан.

«Бас прокуратура елімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Алайда, жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасады.Жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдады.Бұл ретте арнайы құралдар қолданылған жоқ.Құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз. Құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады», - делінген Бас прокуратураның таратқан хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау болған 9 маусым күні елорда, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында жүздеген адам бейбіт шеруге шыққан. Ресми дерек бойынша 700 адам ұсталған.

Фото: m.news.yandex.kz


Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.