Ринат Зайытовты "ниеті дұрыс еместерден" Жүрсін ЕРМАН құтқарып алыпты

Асмира Ермекқызы - 12.06.20196175

Ақын Жүрсін ЕРМАН соңғы күндері елде болып жатқан митингілерге   және Ринат Зайытовтың мәлімдесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы  Жас АЛАШ ақынның Facebook желісінде жарияланған видеоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Елімізде президенттік сайлау науқаны аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы шығып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның жеңісін мойындап, сайлаудың алты бірдей кандидаты қорытындысымен келісіп, құттықтады. Бірақ әлдебір қолайсыздықтар орын алып тұр. Алматыда 1-2 күн бұрын рұқсат етілмеген шеру болды. Оның бастамашысы біздің ақын Ринат Зайытов болды. Рұқсат етілмегеннен кейін басбұзарлықтар болар ма деп Ринатты қамауға алды. Алматы қаласының әкімдігінің көмегімен әйтеуір Ринатты түрмеден шығарып алдық", - дейді Жүрсін Ерман Facebook желісінде жариялаған видеосында.
 "Шеруге мыңдаған адам жиналған. Оларды қоршап тұрған қарулы күштер одан да көп. Солардың бәрі бірдей дұрыс ниетті адамдар емес. Біразы шынымен Ринатты қолдап жүрсе, біразы неге келгендерін білмейді. Бір адамдар тіпті ащы сумен қызып жүргенін де өз көзіммен көріп отырмын. Өркениетті елдерде халықтың тілегін жеткізудің өркени жолдары бар. Біз тәуелсіз ел болдық, бұл сайлаудың басты қорытындысы халқы өзінің еркіндігін білдіруге құқылы екенін танытты. Болашақ өзгерістің іргесі қаланды. Жиналғандардың арасында неше түрлі адам бар. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Біреудің басы жарылып, көзі шығып, жазым болып кетсе Ринат жауап беруге тиісті болады. Осының бізге қажеті бар ма?", - деген ақын шеруге шығудан нәтиже шықпайтынын айтып,  өз еліміздің тәуелсіздігін құрметтеуге және жұртты арандамауға шақырды. 
"Елдің іргесі берік, болашағы айқын, әйтеуір қанша қиыншылық болғанымен, өтеді ғой. Соған бәріміз бас көз болып, көмегімізді жасасақ, жарқын күндеріміз алда емес пе. Сондықтан мен ағайынды сабыр шақтауға шақырамын. Арандатуға ермейік. Бәріміз сабырлы болайық. Елдің болашағы үшін бірге болайық бәріміз", - деп ойын қорытты Жүрсін Ерман.

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.