Петропавлда екі жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.06.2019248

11 маусымда Петропавлдағы екі жасар бала бес қабатты үйдің бесінші қабатынан құлап, қайтыс болды.

Төтенше жағдай департаментінің дерегінше, екі жасар бала ашық тұрған терезеден құлаған. Бұл кезде шешесі мен екі әпкесі үйде болған.

- Пәтердің терезесі ашық болған, жиһаздар терезеге жақын тұрған. Балалар ойнап жатқан кезде нәресте терезеге шығып, құлап кеткен,- дейді Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев

Төтенше жағдай мамандары ата-аналардан терезелерді жауып, жиһаздарды терезе маңына жақын қоймауға кеңес береді.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.