Назарбаев: Тоқаевпен қалай таныстым?

Алмас Нүсіп - 25.05.201911893

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ уақытша президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВПЕН қалай танысқанын айтты. Бұл жайында ол «Нұр Отан» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабы өкілдерімен кездесуде еске алды деп жазады BNews.kz.

Қазақстанның алғашқы президентінің айтуынша, олар алғаш рет 1984 жылы кездескен. Ол кезде Тоқаев КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде қызмет істеген. Ал Назарбаев Совет одағы делегациясымен Қытайға іссапармен барған…

«Жоғарғы советтің делегациясы құрылды, біздің сол делегация құрамында бізге қытай тілін аударуға көмектесіп бір жас жігіт жүрді. Ол онда КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде істейтін. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаев болатын. Мен оны сол кезде алғаш көрдім, — дейді Назарбаев.

Одан әрі тәуелсіздік алған соң Тоқаевты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне шақырған. Содан бері бірге қызмет істесіп келе жатқанын және оны өте жақсы білетінін айтады экс-президент.

«Мұның бәрін мен бұл адамды қаншалықты жақсы білетінімді жұрт түсінсін деп айтып жатырмын. Барлық қырынан. Адамды тану үшін оған әр түрлі қырынан қарау керек, — деді ол.

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.