«Қазақтар, Путиннен абай болыңдар»

Сайт Әкімшілігі - 16.06.20196317

Украина мен Ресей арасындағы соғыстың тоқтауына Қазақстан мұрындық бола алмайды. Бейбітшілік кілті Владимир Путиннің қалтасында. Украиналық танымал журналист Дмитро ГОРДОН Алматыда өткен Евразиялық медиафорумда осылай деді.

«Менімше өзім құрметтейтін Владимир  ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ басқа біреу президент болса да Украина шығысындағы мәселені шеше алмайды. Минск процессі де қауқарсыз. Украинаны он жыл басқарған Ленонид КУЧМАДАН соғысты қалай тоқтатуға болады деп сұраған едім. Ол кісі құдай мен Путин ғана тоқтады деген еді. Ресей мен Украина арасындағы бейбітшіліктің кілті Владимир ПУТИННІҢ қалтасында. Кремль басшысы бастаған соғысты өзі ғана аяқтай алады. Осы жерде біздің қазақ, белорус ағайындарымыздың отырғанын пайдалана отырып абай болыңыздар деп айтқым келеді. Путин сіздерге де соғыспен келуі мүмкін», - деді журналист.  

Фото: almaty.tv


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.