Динара Сәдуақасова - Азия чемпионы

Айман Сағатай - 16.06.201911336

Шахматшы Динара СӘДУАҚАСОВА Азия чемпионы атанды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ спортшысы 15 елден қатысқан жарыста 36 қарсыласынан озық шығып, 7,5 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақстан Азия біріншілігіне Ринат ЖҰМАБАЕВ, Гүлмира ДӘУЛЕТОВА және Динара Сәдуақасованы қосқан еді.

Динара РАМАЗАНҚЫЗЫ төрт дүркін әлем чемпионы. Он алты жасында Қазақстан әйелдер арасында ең жас халықаралық гроссмейстер атанған. Әйелдер арасында Қазақстан Республикасының сегіз дүркін чемпионы.

Фото: sputniknews.kz


Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.