Ақкесенеге бардың ба?

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.10.2017686

Бірде Қарахан Таласта (Таразда) Бетпақтан (Бетпақ даладан) өтіп келген керуенбасыны қабылдапты. Ханға деген сый-сияпатын берген кеуренбасы: «Дат, тақсыр!» – депті. Сонда хан тұрып: «Датың болса айт», – деген екен. Ханның аяғына жығылған керуенбасы: «О, құдіреті күшті хан, мен жүрмеген жол, аспаған асу аз болар, бірақ Таластан терістіктегі құмнан (Мойынқұмнан) қатерлі де қауіпті жер көргенім жоқ. Үш күндік жолдың азабы үш айға бергісіз болды. Сол жолдың торабына қараңғы түнде жол көрсететін Темірқазық жұлдызы сияқты белгі қойдырсаңыз, сізге Алланың нұры жауар еді», – депті.

Көреген хан тараздық шеберге Ақкесене және Көккесене мұнараларын салдырыпты. Тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірқатары сол жердегі топырақтың түр-түсі, реңіне немесе орналасу жағдайына байланысты аталған. Мысалы, жазушы М.Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі» деген кітабында көне түрік сөздерінде ақ – батыс, көк – шығыс деген мағына білдіретіні жазылған. Осыдан барып Талас өңіріндегі Ақкесене мен Көккесене тарихи сәйкестік деп ұғып, бір-бірінен батыс, шығыс бағытта тұрғанын көрсетеді.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында орта ғасырлардан осы күнге дейін керемет сақталып қалған, тарихтан сыр шертетін сәулет ескерткіштерінің бірі, Талас ауданындағы Ақкесене қарауыл мұнара-бекінісі Үшарал ауылынан солтүстік батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Ақкесене қарауыл мұнарасын алғаш рет 1896 жылы зерттеген өлкетанушы В.Каллаур болды. Ол Ақкесененің мұнараға ұқсас екенін, кесененің ортасында жоғары алып шығатын айналма (винт бейнелі) баспалдақ-саты орналасқанын айтады. Және ол баспалдақ жақсы сақталған. Ақкесенені 1945-1949 жылдары Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 1980 жылдары «Қазжобажаңғырту», 1983 жылдары ҚазМУ-дың мамандары зерттеген. Зерттелген мәліметтер бойынша бекіністің сары топыраққа іргетассыз салынғаны анықталды. Бекіністің мерзімі – Х-ХІІ ғасырлар, мұнараның құрылысы ХVІІ ғасырларда тұрғызылған деген болжам бар. Ал қамал одан бұрын, ХІІ-ХІІІ ғасырларда тұрғызылған, бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан, бұл уақытты анықтау қиын. Сонымен, мұнара бекіністің мерзімі туралы әртүрлі болжамдар айтылады.

Өткенге құрмет, келешекке үлгі ретінде мәдени, тарихи жәдігерлерді зерттеу, жүйелеу, қорғау және сақтау, оларды ұдайы насихаттап отыру – біздің азаматтық борышымыз. Ескерткіш, қорған, қорым болсын – бәрі де өнер туындысы. Осы өнер туындыларына қарап өскелең ұрпақ ойланады, ой түйеді. Бұл бекіністің тұрғызылу себебі де жоқ емес. Әрине, мұндай мұнаралы бекіністің сыртқы жаудан қорғану үшін тұрғызылғаны анық. Мұнараға саты арқылы көтеріліп, жоғарыдан бақылаушы жауынгер алыстағы жауды көріп, хабарды дер кезінде жеткізуге мүмкіншілік алатын болған. Бұл сол заманның жетекші құралына айналған.

Қалыңдығы үш метрлік қабырғалардан тұрғызылған бекініс жаудың бұзуына да оңай болмаған. Ғасырлар бойы тұрған Ақкесене көпті көрген қарт кісідей талай тарихи сырды ішіне бұғып, бүгінгі ұрпаққа да жетіп отыр. Бір өкініштісі, бекіністің уақыт өте келе жаңбырдан, желден, ыстық-суықтан бүлініп, топыраққа айналып кетуі ғажап емес еді. Талас ауданының даласында көрік беріп тұрған осындай құрылысты басқа аудандардан сақталған күйінде кездестіру өте сирек. Көбісі бүлініп, топырақ үйіндісіне айналып кеткен.

Сондықтан «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының араласуымен облысымызда сирек кездесетін Ақкесене секілді бекіністі жөндеуге қаржы бөлініп, тарихи жәдігер қайта жаңғыртудан толық өткізілді.

Алмас МҰХТАРОВ, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының бөлім басшысы Жамбыл облысы

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды