Допинг: Қазақ спортшылар өзбек гимнастшыларына алтындарын берді

Қайсар Қауымбек - 23.06.20194415

Қазақ гимнастшылары 2017 жылғы Азия чемпионатының алтын медальдарын өзбек спортшыларына қайтарып берді. Қазақстандық спортшы қыздардың допинг пайдаланғаны анықталыпты. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Өзбек телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше Тайландта көркем гимнастикадан Азия біріншілігі басталды. Турнир басталмай жатып Азия гимнастика Ассоциациясының кеңесі өтіп, сол жерде алтын медальдар өзбек қыздарына табысталған.

«Командалық бәсекеде алтын медальды Қазақстан құрамасының қыздары алған еді. Өзбекстандық спортшылар күміс жүлдегер атанды. Қазақ қыздарының допинг қолданғаны анықталған соң, алтынды бізге қайтарды», - делінген хабарламада.

Сонымен 2017 жылғы Азия чемпионатының жеңімпаздары Анастасия СЕРДЮКОВА, Сабина ТАШКЕНБАЕВА, Нуринисо УСМОНОВА, Анор ДАВЛАТОВА.

Фото: uztag.info


Мақала авторы:

Қайсар Қауымбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.