Етті мал шаруашылығы форумы

Ербол Ілияс - 21.06.2019926

Бүгін Алматы облысы,  Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында «Лепсі-2019» атты етті мал шаруашылығының республикалық форумы өз жұмысын бастады.Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.

Былтырғы 2018 жылғы дерек бойынша Алматы облысы республикада ет өндіру жағынан алғашқы орында. Ішкі сұраныстың 30,8% жетісулық кәсіпкерлер қамтамасыз етеді. Оданк ейінгы орныдарда Шығыс Қазсқтан мен Ақмола облыстары.

Форумның басты мақсаты – елдегі етті мал шаруашылығын кешенді түрде дамытып, мал тұқымын асылдандыру жағын талқылау. Жиынға жергілікті билік өкілдері, Ауыл шаруашылық министрлігі өкілдері, Асылжан МАМЫТБЕКОВ басқаратын Ет одағы, Ақбас, Ангус,Герефорд асыл тұқымды сиыр палаталары және ет өндіруші кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Жалпы, Қазақстанда өндіріліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімінің 45% мал шаруашылығына тиесілі. Сондықтан да Алматы облысында ұйымдастырылған форумның маңызы да зор. Үкіметтен осы салаға 2017-2021 жылдарға 35,9 млрд теңге бөлінген.

Форумда Алакөл ауданының әкімі Әлібек ЖАҚАНБАЕВ былтырғы жылы аудандағы ауыл шаруашылығы өнімі 35 млрд 636 млн жеткендігін баян етті.

Форумның алғашқы күні Үшаралдағы мәдениет үіндегі пікір алмасудан басталды. Етті мал шаруашылығының қазіргі жағдайы, осы салаға несие алу және Ауыл шаруашылық министрлігінен бөлінетін субсидия хақында әңгімелер айтылды.

Жиынға қатысушылар Шынжылы ауылындағы «Арқарлы Майбүйрек» ЖШС мен Көлбай ауылындағы ет өндірет цехті аралады.

Фото: elarna.net



 

Мақала авторы:

Ербол Ілияс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.