Қарағанды облысы Өзбекстанға сиыр етін экспорттауда

Арай Сатыбалдықызы - 23.06.20191071

Биылғы жылы Қарағанды облысы Өзбекстан еліне мал шаруашылығы өнімін экспорттау мөлшерін ұлғайтатын болады. Жергілікті "Жәке" шаруа  қожалығы Өзбекстанға 28 мың бұқа жеткізу жөнінде келісім шарт жасаған. Қазірдің өзінде аталмыш шаруа қожалығы көрші елге бірінші партиямен мың бас малды жөнелтіп үлгеріпті.Бір айта кететін жайт тапсырыс берушілердің қойып отырған бірден бір талабы ол өздеріне жеткізілген бұқаның әр салмағы 400 келіден кем болмауы қажет. Аймақ басшысы Өзбекстанды  сиыр етімен қамтамасыз етіп отырған "Жәке"шаруа қожалығына барып жұмыстарын бағдарлап қайтты.Шаруа қожалығының мал бордақылау алаңы 2016 жылы Бұхар Жырау ауданының Үштөбе ауылында іске қосылған болатын.20 гектар жерге мал қоралары мен басқа да өндірістік үйлермен қора жайлар салынған. Осы аумақта үш жыл бойы асыл тұқымды бұқалар өсіріліп келеді. Мал бордақылау алаңы он мың бас ірі қараға арналып жасақталған. Алайда қазір мұнда әзірге бес мыңнан астам бұқалар тұр.Бұл шаруа қожалық  Американдық технологиямен жұмыс жасайды.Ірі қараға арналған жемдерді салу жұмыстары механикаландырылған, ал суарғыш автоматты түрде жұмыс жасайды.Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВҚА кәсіпорынның басшылығы алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

-Бізде қазіргі уақытта мал бордақылау алаңында бес мың екі жүз бас бұқалар тұр. Сондай-ақ асыл тұқымды өгіздерді жалға беру жұмыстарыда қарастырылып жатыр. Ангус, герифорд, тұқымды және біздің ақбас бұқаларымыз бар. Өзбекстанға екі мың тонна ет экспорттаған болатынбыз, -деп мәлімдеді "Жәке"шаруа қожалығының бастығы Айдын АЛБАҚАЙ.

Бүгінде «Сыбаға»  бағдарламасы бойынша асыл тұқымды малдардың генетикасын жақсарту жұмыстары қолға алынған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін «Жәке» шаруа қожалығы жергілікті фермерлермен бірлесіп жұмыс жасауға кіріскен. Бұл ауыл шаруашылық өнімін өндіруде жетістікке жеткізуге алып келеді дейді шаруа қожалық басшылығы.

Биылғы жылы шаруа қожалық Ресейден бес мың ал Польшадан екі мың ірі қара малын сатып алуды көздеп отыр.Кәсіпорын ауыл шаруашылық өнімдерін елдің ішкі нарығымен қоса шетелдерге де сатады. Шаруа қожалығының өнімдері Өзбекстанмен қоса Иранға да шығарылады.

-Етті қайта өңдеуді дамыту біз үшін өте маңызды. Өңірге ет өңдеу комбинаты керек. Сондықтан мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта "қарапайым заттардың экономикасы" деген жаңа бағдарлама пайда болды.Мұнда мемлекеттік тұрғыда қолдау көрсету әдістері қарастырылған,-деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Шаруа қожалықтың  жем шөп базасын жасақтау мақсатында биылғы жылы 2 500 гектар жерге астық себілген.

-Бұл шаруа қожалық облыстағы ет ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жақсы көрсеткіштерге ие болып келеді. Биылғы жылы да ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан қойылған барлық индикаторлар бойынша жоспарды толық орындаймыз деген ойдамыз,-деді Бұхар Жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман ДАРДАҚОВ.

Бүгінде Қазақстанда  етті мал шаруашылығын дамыту аграрлық саланың басым бағыттарының  бірі болып табылады. Осы орайда еңбек өнімділігімен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есе арттыру жоспары мақсат етілуде.

Фото: brestmeat.by


Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?