21 елден келген 250-ге жуық танымал ғалымдар елордада бас қосты

Калибаев Нурсултан - 26.06.2019979

Осы апта басында елордада «Ұлы Дала» IV Гуманитарлық ғылымдар форумы басталды. Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан биылғы жиын «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» деген тақырыпқа арналып отыр.  Форумда қазақстандық ғалымдармен қоса Еуропа, Азия және Америка құрлығының 21 елінен 250-ге жуық танымал ғалымдар мен белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері бас қосты.    

Халықаралық жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев,  білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды.

Халықаралық жиынның басты міндеті -- шет елдік және отандық түрколог ғалымдар арасында әлемдік түркітану ғылымының қазіргі жағдайына, жетістіктеріне, проблемалары мен даму келешегіне талдау жасау, Ұлы даланың мәдени құндылықтарының адамзат өркениетінің дамуындағы рөлі мен маңызын талқылау. Форум 6 тақырыптық секцияға бөлінген. 

Форумның ашылу салтанатында Моңғолияның тұңғыш президенті Пунсалмаагийн Очирбатқа,  Әзербайжан Республикасының тұңғыш премьер-министрі Гасан Гасановқа, Қырғыз Республикасы  Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш төрағасы Медеткан Шеримкуловқа, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзі татарлар конгрессі Атқару комитетінің Этнологиялық мониторинг орталығының басшысы Дамир Исхаковқа, ҚР ҰҒА академигі, антрополог Оразақ Смағұлға Халықаралық Түркі академиясының алтын медальдары табыс етілді.  

Мақала авторы:

Калибаев Нурсултан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.