Әкімнің арыстықтарға айтқаны – Маған әңгіме айтқанша, әйелдеріңе ие болыңдар (видео)

Алмас Нүсіп - 28.06.201910602

Бүгін әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ «жұлдызға» айналды. Шымкентте арыстықтар жарылыс болған қаладан мүлдем көшіруді талап етіп митингіге шыққан еді. Олар он жылда төрт рет жарылыс болған Арыста енді қорқынышпен өмір сүре алмайтындарын айтқан-ды. Және Шымкент пен Түркістан облысының басқа елді мекендерінен баспана беруін сұрады.

Оқи отырыңыздар: Шымкентте алаңға 500-ден аса адам наразылық шарасына шықты

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияда білім жетілдірген әкім бастапқыда өзін барынша сабырлы ұстаған. Шымкентте 130 мың адамның баспана кезегінде тұрғанын айтып, көпшілік талабын орындай алмайтынын жеткізген. Сосын...

«Тілім бар деп сөйлей бересіңдер. Біз де ойнап жүрген жоқпыз мына жақта. Қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Егер мен құдай болсам бәрін шешіп тастайтын едім. Біз де адамбыз, біз де пендеміз. Күні-түні жұмыс жасаймыз. Әйтеуір ұра берсіздер тілім бар деп. Мен еркектерге ренжіп жатырмын. Ладно әйелдер. Еркектерге не жоқ. Өздерің әйелдеріңе ие болыңдар. Содан кейін ел туралы айтыңдар. Өздерің әйелдеріңе ие болмай маған әңгіме айтасыңдар. Әйелдеріңе ие болыңдар», - деп салды әкім мырза.

Фото: azattyq.org



Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар