Қазақстан билігіне талап: Ливан Теңіздегі оқиғаны айыптайды

Нұрболат Әлдибек - 01.07.20197640

Ливанның Қорғаныс министрі Ілияс Бу-Сааб Қазақстан билік өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, Теңізде болған оқиғаны айыптаған. Бұл туралы informburo.kz сайты жазды.

Ливандық NNA агенттігінің мәліметінше, Ливан қорғаныс министрі Ілияс Бу-Сааб Теңіз кенішінде болған оқиғаны айыптай отырып, Қазақстан билігінен ливан диаспорасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен.

Ал, Ливан және Иордания билігі Теңіз кенішінде болған жанжалда зардап шеккен шет ел азаматтарының қазір қауіпсіз жерде екенін айтқан. Мәліметке қарағанда, қазір зардап шеккендерді елдеріне әкетуге дайындалып жатыр. Жискар әл-Хури MTV телеарнасына берген сұхбатында оқиғадан зардап шеккен ливандықтардың жағдайы соншалық ауыр емес екенін айтқан.

Ал, Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафади қазіргі уақытта иорданиялық жұмысшылар орналасқан қонақ үйге күзет қойылғанын айтқан.

Айта кету керек, Ливанның Қазақстандағы елшісі Жискар әл-Хури бүгін, яғни, 1 шілдеде Қазақстан сыртқы істер министрімен кездесіп, Теңіз кенішінде 29 маусымда болған оқиғаны талқыламақ.

Фото: inbusiness.kz


Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар