Сынып – класс: Бұл қабылданған шешім!

Арай Сатыбалдықызы - 02.07.20195020

Жақында ғана Білім және ғылым министрі болып тағайындалған Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ «сынып» сөзінің «класс» болып өзгертілуі – қабылданған шешім екенін айтты. Бұл туралы sputniknews.kz сайты жазды.

Министр терминдердің өзгеріске ұшырауына қатысты жеке пікірін айтудан бас тартты. Сондай-ақ, бұл қабылданып кеткен шешім болғандықтан қандай да бір түсініктеме беруден бас тартқан.

"Оған қатысты жеке ойымды айтқым келмейді. Өйткені бұл – қабылданған шешім. Сондықтан оны айтпай-ақ қояйын, түсініктеме бермей-ақ қояйын", - дейді Аймағамбетов.

Өткен айда ғана Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА 3300-ден аса терминдердің қайта қаралып бекітілгенін айтқан. Бірақ, министр бұл жағдай қоғамда үлкен шу тудырған соң, сөздерді аудару мәселесін халықтың талқысына шығарамыз деген болатын.

Фото: bestnews.kz

Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар