«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі телеэкранға шығады

Сайт Әкімшілігі - 02.07.2019469

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі тұңғыш рет телеэкран арқылы көрсетіледі. Тарихи фильмді 6-шілде күні «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы көрсетпек.  

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің желісі «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» туындысының жалғасы ретінде Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Сығанақ тағы үшін таласы төңірегінде өрбиді. Фильм сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының негізінде  жазылған.

«Ұлттық арнаның мерекелік кестесіне бірнеше тұсаукесер жобалар енгізілді. Солардың бірі - Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы: Алтын тақ» кинодастаны. Тарихи туынды «Qazaqstan» арнасынан сенбі, 6 шілде күні сағат 17:10-да көрсетіледі», - деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі жалпыұлттық прокатқа осы жылдың наурыз айында шығарылды. Қазақ тарихындағы күрделі кезеңдерді сипаттайтын жоба арқылы көрермен көшпенді халықтың тыныс-тіршілігіне терең үңіле алады.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар