"Арысты қалпына келтіруге кететін шығындар әлі есептеліп болған жоқ"

Қайсар Қауымбек - 04.07.2019868

Қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ қазір Арыс қаласының түбіндегі әскери бөлімді көшіруге қанша қаржы кететіні әлі есептеліп жатқанын айтты. Министр бұл туралы мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Алғашында «Қаржыға байланысты сіз Қаржы министрлігіне сұрақ қоймайсыз ба?!» деген министр, «Сол қаржыны есептеп, сұрайтын сіздер емес пе?!» деген соң ғана ғана:

"Көшіруге... Қазір есептеп жатырмыз, жалпы көшіруге бірнеше миллиард теңге керек болады. Бүгінде есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп қысқа қайырды.

Министр Ермекбаев сондай-ақ Арыстағы апат үшін халықтан кешірім сұрамайтынын, оның табиғи апат екенін айтады.

«Ол – табиғи нәрсе. Мен әзірше кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқпын".

Айта кету керек, кеше ғана ІІМ ТЖК басшысы Владимир Беккер Арыстағы жарылыстың жалпы шығыны алдын ала есеп бойынша 20 млрд теңге болатынын айтқан. Дегенмен, комитет басшысы бұл цифрдың алдағы уақытта өзгеріп кетуі мүмкін екенін, нақты қорытынды 15 шілдеге қарай жарияланатыны жайлы ескерткен.

Еске салсақ, Арыс қаласының түбіндегі әскери базадағы қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, қаладағы үйлер қирап, тұрғындар эвакуацияланған. Оқиға салдарынан үш адам – бір тұрғын, екі әскери қызметкер қаза болды.

Фото: zhasalash.kz

Мақала авторы:

Қайсар Қауымбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар