Талғат Кеңесбаев темір тұлпар жеңіп алды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 28.03.2018200

Республикалық  патриоттық,  әдеби-танымдық  «Ұлт болмысы»  журналы   «Алашорданың»  құрылғанына  100  жыл  толуына  орай поэзия,  проза,  журналистика және драматургия салалары  бойынша дәстүрлі «Ұлт болмысы әдеби сыйлығы» байқауының қортындысын жариялады. Бұл туралы zhasalash.kz сайты хабарлайды. Проза бойынша бас жүлдені жазушы Талғат КЕҢЕСБАЕВ жеңіп алды. Оның «Түнде ұшқан қаршыға»  шығармасы үздік деп танылып, автокөлік иегері атанды. 1-орынға қазылар  Қанат ӘБІЛҚАЙЫРДЫ лайықты деп тапты. Жүлде қоры 500 мың теңге.2-орынды Марат ӘЗІМХАН жеңіп алса, 3-орын Ғалым ҚАЛИБЕКҰЛЫНА бұйырды. Ынталандыру сыйлығы Бекен ЫБРАЙЫМҒА берілсе, Әлихан БӨКЕЙХАН атындағы сыйлықты Ерболат БАЯТҰЛЫ иеленді. ПОЭЗИЯ ЖАНРЫ БОЙЫНША  1-орынды «Ғасыр тілегі» шығармасымен Г. Калидина үздік шықты. Жүлде қоры 500 000 теңге. 2-орын Ақсұңқар АҚЫНБАБА.  3-орын Дәулетберді Жекейұлы. Ынталандыру сыйлығы  Таңсәуле ӘГЕНҚЫЗЫ, Мәрлен МӘЛІКҰЛЫ. Н.Назарбаев атындағы арнай жүлде Ақсүйрік ЖҮСІПҚЫЗЫ. М.Дулатұлы атындағы арнайы жүлде Қарлығаш ХАВАЙ. ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ БОЙЫНША 2-орын Думан РАМАЗАН. 3-орын Ақылбек ШАЯМЕТОВ. Ынталандыру сыйлығы Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ. Қошке Кеменгерұлы атындағы арнайы жүлде Төрехан МАЙБАС.   ЖУРНАЛИСТИКА  2-орын Заңғар КӘРІМХАН. 3-орын Марфуға ШАПИЯН. Ынталандыру сыйлығы  Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚ, Бауыржан СЕГІЗБАЕВ, Айдын РЫСБЕКҰЛЫ. Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы арнайы жүлде Қанат ЖАНАШҰЛЫ.

 ФОТО: zhasalash.kz

             

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.