"Үкімет жұмысының деңгейі төмен"

Алмас Нүсіп - 05.07.2019867

Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан НЫҒМАТУЛИННІҢ үкімет жұмысына көңілі толмайды. Ол әсіресе үкіметтің заң жобалау жұмыстарының деңгейі төмен екенін айтады. Соның салдарынан мәжіліс депутаттары қайта-қайта түзету енгізіп, қиналып жүр. Нығматулин бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.

«Үкіметтің заң жобалау жұмысы әлі де жоғары деңгейде емес. Мысалы, 2018 жылдың бекітілген жоспарына үкімет өзі 11 рет өзгерістер мен түзетулер енгізді. Ал 2019 жылға арналған осындай жоспар жарты жылдың ішінде 6 рет қайта өзгерген. Сонымен бірге үкіметтен келетін заң жобаларының сапасы әлі де жоғары талапқа сәйкес келмейді. Мысалы, бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасына - 472, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заң жобасына 500-ден астам түзету енгізілді. Өкінішке қарай, бұл түзетулер техникалық емес, тікелей мағыналық жағынан алып отыр», - дейді Нығматулин.  

Мәжіліс төрағасы бұдан бөлек үкіметке соншама түзету енгізіп, дайындап берген заң жобаларының уақытында қабылданбайтынын, осы сессияда үкіметтен келуі тиіс құжаттардың 64 проценті бойынша регламентпен белгіленген мерзім бұзылғанын айтты. Тіпті, бір ай ішінде келуге тиіс қорытынды 11 айдан соң бір-ақ келген.

Фото: Zhasalash.kz

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар