Халықты митингіге шақырған азамат қамауға алынды

Асмира Ермекқызы - 05.07.20191422

Алматы қаласында рұқсат етілмеген митингіге шақырды деген айыппен біз азамат ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Хабарламада 1967 жылы туған Әбдірахманов деген азаматтың мессенжерлер мен әлеуметтік желі арқылы елді рұқсатетілмеген митингіге шақырғаны айтылады.

«Заң талаптарын орындамай, мессенжерлер мен әлеуметтік желілер арқылы халықты рұқсат етілмеген митингіге шақырғаны үшін 1967 жылы туған азамат Әбдірахмановты полиция қызметкерлері ұстады. Оны ӘЖК-нің 488 статьясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 10 тәулікке қамады», деп жазды департамент баспасөз қызметі Facebook-тағы ресми парақшасында.

Жергілікті полиция ӨТЕБАЕВА атты Қазақстан азаматын да ұстаған. Айтуларынша бұл алматылық маусымның 4-інен 5-іне қараған түні Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында елді митингке шақырған листовка таратқан. Әйелден 30 дана листовка тәркіленген. Ауданаралық мамандандырылған сотының шешімі бойынша Өтебаева енді 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Хабарламада ұсталғандардың нақты қай қалада, қай күні митингіге шақырғаны айтылмаған. Екеуінің бір-біріне қатысының бар-жоғы да көрсетілмеген.

Фото: sputnik.by

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.