Қарағандының мұғалімдері "орақ пен балғаны" символымыз деп санайды

Арай Сатыбалдықызы - 06.07.20191818

Абай ауданына қарасты Ақбастау ауылының шет жағындағы қыраттың үстінде кезіндегі қызыл империяның белгісі орақ пен балға мен мұндалап тұр.

Ақбастау ауылының тұрғыны Аспандияр СЕЙСЕНОВТІҢ айтуынша, бұл белгіні алып тастау туралы ұсыныс осыдан екі  жыл бұрын айтылыпты. Алайда содан бері бұл белгіден кімнің қорқатыны белгісіз әйтеуір алынбай қойыпты. Былтырғы жылы  Ақбастау ауылына балалар алаңқайын салған әрі мешіттің құрылысына көмектесіп демеушілік  еткен кәсіпкерден бір топ ауыл тұрғындары орақ пен балғаның символын алып тастап, орнына көк туымызды желбіретіп қойсақ деген өтініш білдірген. Алайда кәсіпкер келіскенмен Ақбастау ауылының әкімі Рымбек ТҰЯҚБАЕВ бұл мәселені ауыл тұрғындарының барлығынан сұрап барып бірақ шешеміз дегенді айтыпты.

- Мен айтқам, «енді ешкімді жинамай-ақ бұл белгіні алып тастайық та, өзіміздің тәуелсіз еліміздің туын орнатайық», деп. Оған әкім болмай халықты жинады, жиналғандардың көбісі мұғалімдер болды, онын көбісі «бұл біздің символымыз, оны алғызбаймыз», деп қарсы шықты. Сосын бұл мәселе сол күйі тағы қалды. Жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мұғалімдердің кеңестік кезден қалған белгіні символымыз деуі енді дұрыс емес деп ойлаймын. Ақбастауда су, жол және басқа да мәселе шешілген, ол жағына тағар кінәміз жоқ. Мұнда біреумен дауласып, мұқатайын деген ойым жоқ, менікі тек тәуелсіз елдің айшықты белгілері тұрса деген ұсыныс қана, - дейді ақтастаулық Аспандияр Сейсенов.

Жиналысқа келген тұрғындардың басым бөлігі бұл ескерткішті алып тастауға қарсы болғандықтан оны ешкім алып тастай алмаған. Ал тәуелсіз елдің көк байрағын ауылға кіре берістегі басқа бір жерге орнатыпты. Тау жақта тұрған орақ пен балғаны кейбір тұрғындар қастерлейді екен. Кейінгі кезде оның сыры кете бастаған жерлерін қалпына келтіріп, қызыл бояумен бояп қойған. Осылайша орақ пен балға Ақбастау тұрғындарының бір бөлігіне қастерлі белгі тәрізді көрінсе, екінші бір бөлігінің көздеріне күйік болып көрінуде. Ақбастау ауылының әкімі Рымбек Тұяқбаевтың айтуынша жиналыста орақ пен балғаны алып тастау мәселесі көтерілгенмен, тұрғындардың басым бөлігі бұған қарсы шығыпты. Дегенмен халықтың ұсынысы бойынша хаттама толтырылып Абай ауданындағы қоғамдық кеңеске жолданыпты.

- Негізі орақ пен балға тұрған жерге бұрын Германияға көшіп кеткен немістер осында келгенде суретке түсіп, қыдырып барып жүреді. Ал енді біз мұны тұрғындардың көбісі қарсы болған соң бірден алып тастай алмаймыз ғой, сол себепті сабырлық ету керек, уақыт қажет. Барлығы бірден жүзеге аса бермейді ғой, - деп ауыл әкімі Рымбек Тұяқбаев өз пікірін білдірді.

Айта кету керек, осы мәселені көтеріп жүрген Ақбастау ауылының тұрғыны Аспандияр Сейсенов бұған дейін орақ пен балғаны алғызу жөніндегі мәселені Facebook парақшасына салып, бұл да желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен болатын.

Фото автордікі.

Мақала авторы:

Арай Сатыбалдықызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды