Арыста тағы жарылыс болғаны расталды

Бақытжан Әбдіраш - 05.07.20194059

Арыс қаласында тағы да жарылыс болды. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше:

«ҚР Қорғаныс минситрлігі аумақтан инженерлік-саперлік бөлімдермен оқ-дәрілердің қалдықтарын жинау жұмыстары кезінде оқ-дәрінің біреуі жарылған. Нәтижесінде өрт пайда болған. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілердің күшімен залалсыздандырылды», - делінге ресми хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осыған дейін айтылғандай Арыс тұрғындарының қаланы тастап қашып жатқаны да расталған жоқ.

Министрлік, сондай-ақ, тұрғындарға тыйым салынған аймаққа жақындамау туралы тағы да ескертті.

Арыс тұрғындары бұған дейін қатарынан төрт мәрте жарылыс болғанын айтып, БАҚ-на ақпарат берген. Олардың айтуынша, жарылыс кезінде керегелер дірілдеп, әйнектер сықырлаған. Қорқып қалған тұрғындар үйлерінен атып шығып, қаладан қаша бастаған.  

24 маусым күні 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылып, тұрғындар қаланы тастай қашқан болатын. Жарылыс салдарынан үш адам қаза болып, 400-ден астам адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Фото: cntv.kz

Мақала авторы:

Бақытжан Әбдіраш

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар