10 секунд: Қанат Ислам 26-жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Нұрболат Әлдибек - 06.07.20197485

Қазақстандық боксшы Қанат ИСЛАМ (26-0-0-22) орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуін жеңіп алды.

Оның қарсыласы доминикандық Хулио де Хесус. Ол кеше өткен баспасөз мәслихатында бұл оның соңғы мүмкіндігі екенін, сол себепті қалай да жеңетінін айтқан. Дегенмен, доминикандық бар болғаны 10 секундта нокаутқа түсіп қалды.

Бұған дейін вакантты болып келген белбеу 5 маусым күні Алматы қаласында иесін тапты.  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі де осы Қанат Ислам мен Хулио де Хесус арасында өтті.

Айта кету керек, Қанат Ислам жарақатына байланысты бір жарым жылдан бері шаршы алаңға шықпаған.

Ислам жекпе-жектен кейінгі сөзінде өзі жаттығып жүрген «Qazaq Promotions» арқылы әр жақта жүрген қазақ боксшыларының Қазақстанға тартып, бәрінің басын қосу екенін айтты.  

Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар