Ұлт сөзін сөйлеген жазушы еді...

Дерек көзі: www.azattyq.org - 20.04.2018176

Бүгін 94 жасқа қараған шағында жазушы Сапабек ӘСІПҰЛЫ дүниеден озды. Қаламгер 1925 жылы 21 қарашада Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде туған. Ауыр жылдары еңбекке ерте араласқан болашақ жазушы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. Ұзақ жылдары журналисттік қызмет атқарған Сапабек Әсіпұлы «Қазақ қасіреті», «Қатерлі дерт, қалжыраған халық», «Танталовы муки степи» атты кітаптар да жазып қалдырды. Сондай-ақ, «Нұрхан Ахметбековтың поэтикалық әлемі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Сапабек Әсіпұлы  2000 жылдары Жазушылар одағының жанына құрылған «Жер және қазақ тағдыры” қоғамдық комиссиясының төрағасы болған. Жазушы «Жер кодексіне» өзгертулер енгізу керек деп, жерге қатысты мемлекеттің саясатына наразылық ретінде кезінде өзіне тапсырылған үкімет наградаларының бірі – «Құрмет» медалінен бас тартқан. 2006 жылы Алматыдағы «Шаңырақ» оқиғасы кезінде де өз азаматтық ұстанымын білдіріп, жазықсыз жандарға араша түскен еді. Жас Алаш газетінің ұжымы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады.

Фото: inform.kz

     

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.