Қанат жеңген боксшыны «қапшық» дейді

Руслан Меделбек - 08.07.20194352

Осы аптада Қанат ИСЛАМ Алматыда, Сұлтан ЗАУЫРБЕК Нұр-Сұлтанда кезекті жекпе-жектерін өткізді. Бірі уысынан баяғыда шығып кеткен мүмкіндігін қайтарсам деген талпынысын жасады. Екіншісі кәсіпқой бокстағы кезекті сәтті қадамын жасап, чемпиондық жекпе-жекке жақындай түсті. Қанат Ислам шетелде жекпе-жек өткізіп көрмеген, барлық 29 кездесуін өз елінде, Доминикан республикасында өткізген. Хулио де ХЕСУСТЫ 10 секундте жеңді. Хулио карьерасында тек Доминикан және Венесуэла боксшыларымен бокстасқан. Осының өзі бұл боксшының деңгейін көрсетсе керек. Фанаттар мұндай боксшыларды "қапшық" дейді. 
Бұл жекпе-жекте Қанат Исламның шамасын байқап көрерміз деп ойлаған едік. Болмады. Өлшейтін, саралайтын ештеңе көре алмадық. Қанат Ислам енді чемпиондық жекпе-жектер алуы қиын деп ойлаймын. Себебі ешкім гонарары мен ұпайы аз жекпе-жекке келіспесі анық. Қанат Ислам әлі бірнеше жекпе-жек өткізер. Оның өзінде де Латын Америка боксшыларымен... Ал Канело, Головкин, Джейкобс Qazaq Team миллиондаған доллар ұсынса да, бұл вариантқа назар аудармайды... Мен енді шәкірт тәрбиелеп, ринг шетінде ақыл-кеңес беріп отыратын Қанат Исламды көргім келеді.

Материал автордың рұқсатымен facebook.com парақшасынан алынды.

Мақала авторы:

Руслан Меделбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар