Назарбаев биліктен кететінін маған айтты

Асмира Ермекқызы - 08.07.20191751

ҰҚК төрағасы Кәрім МӘСІМОВ  Елбасы туралы фильмде Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ отставкаға кетуіне бастапқыда қарсы болғандығы жайлы айтып берді.

Мәсімовтың айтуынша, экс-президент 19 наурызға 1-2 күн қалғанда отставкаға кететіні туралы шешімге келгендігін айтқан.

«Нұрсұлтан Әбішұлы менімен болған әңгімеде бір құпияның шет жағасын ашты. Орнынан түсетіндігін және ары қарай конституция бойынша жүретінімізді айтты», ­-  дейді Мәсімов.

Сондай-ақ, Мәсімов өз сөзінде сол кезде бұл шешімді дұрыс деп санамағанын  да жасырмады.

«Мен әзірге президенттік қызметтен кететін уақыт келмеді деп санадым. Нұрсұлтан Әбішұлына берген кеңесім мынадай болды: «Бұның қандай қажеті бар, мүмкін асығыстық танытудың қажеті жоқ шығар. Билік мерзімі 2020 жылға дейін». Маған Нұрсұлтан Әбішұлы 1 күн кешіккеннен 1 күн ерте кеткен жақсы деп жауап берді. «Мен осы шешімді қабылдадым. Сен де уақыт өте бұның дұрыс екеніне көзің жететін болады. Барлығы өз уақытында болу керек» деп жауап берген еді. Өмір расымен де, оның дұрыс шешім қабылдағанын дәлелдейді деп ойлаймын," - деп сөзін қорытындылады Кәрім Мәсімов.

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында отставкаға кету туралы шешім қабылдаған болатын. Билік уақытша Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА берілген еді.

Тоғызыншы маусым күні кезектен тыс президенттік сайлауда Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ мемлекет басшысы болып сайланды.

Елбасы туралы деректі фильм "Искусство быть Лидером" деген атаумен «Хабар» арнасынан көрсетілді.

Фото: zhasalash.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар