Суармалы жер көлемі 2 миллион гектарға жеткізіледі

Оралхан Дәуіт - 05.07.2019673

2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының экономиканың су секторы мен су шаруашылығы саясатының даму Концепциясында, еліміздің ең шиелініскен су мәселелеріне су ресурстарының тапшылығы, жер беті және жер асты суларының ластануы, су шығындарының нормадан тыс көп мөлшерде болуы, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің шиеленісуі, мемлекет аралық су бөлістіру мәселелері жататыны мойындалды.

Әсіресе оңтүстік аудандарда өсіп жатқан су ресурстары тапшылығы, елімізде және өңірлерде қалыптасқан экономикалық жағдаймен қоса, су тұтынудың нашарлауына және қысқаруына соқтыруды. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыздандыру елеулі қысқарды. Еліміздің кейбір өңірлерінде су ресурстарының тапшылығы, экономиканың кен игеру салаларын, сонымен қатар жеке қалаларды және өнеркәсіптік кешендерді дамыту үшін табиғи әлеуетті толық іске асыруға мүмкіншілік бермейді. Судың тұтынуы мен қолдағы судың болуы арасындағы үйлесімсіздік, әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тиімді шешілуін, өзендер алаптарындағы экологиялық жағдайдын қалыптандыруын шектейді.

Су шаруашылығының тұрақты дамуына, су ресурстарын интегралды пайдалану, суғару жүйелерін кешенді қайта құру және суды үнемдеу технологиялары мен суғарудың заманауи техникасын ендіру жолымен қол жеткізуге болады.

Қазіргі кезде бізде 1,4 млн. гектар суармалы жер бар, жалпы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 42 пайызы осы жерлерден алынады. 2021 жылға дейін суармалы жерлер алаңын тағы да 600 мың гектарға ұлғайтып, 2 млн. гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл ретте, суармалы жерлердің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, айталық, 38 пайызы Түркістан облысына, 29 пайызы Алматы облысына, 14 пайызы Қызылорда облысына және 8 пайызы Жамбыл облысына тиесілі.

Сонымен қатар, өзен суы мен еріген қар суын азық өндіру мақсаттарына пайдалануға болатын Қазақстанның солтүстігіндегі суармалы жерлерді дамытуға көп көңіл бөлінбей отыр. Қазіргі таңда етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту жақсы қарқынмен дамуда. Мал азығына сұраныс еселеп артуда, ал оны көлдетіп суаруды қоса алғанда, суару алаптарында өндіруге болады. Сондықтан суармалы жерлерді тек еліміздің оңтүстігінде ғана емес, азық базасын ұлғайту мақсатында солтүстігінде де дамытқан жөн. 

Фото: inbusiness.kz

 

 

 

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар