Жаңадан 22 су қоймасы салынады

Оралхан Дәуіт - 06.07.2019360

Елімізде су қорларын сақтау, соның ішінде су қоймаларын салу, қолданыстағы су қоймаларын жөндеу, сыйымдылығын арттыру бағытында бірнеше жобалар қолға алынуда. Мысалыға, су шаруашылығы саласында төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және су қоймасының қауіпсіз жұмыс істеу режиміне қол жеткізу мақсатында апатты жағдайдағы 41 су қоймасын реконструкциялау көзделген. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 нысан қалпына келтірілді.

Бұл су шаруашылығы объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға, суды тасымалдау кезінде орын алатын су шығынын қысқартуға мүмкіндік берді.

Апатты жағдайдағы 6 су қоймасын реконструкциялау 2019 жылы аяқталатын болады, 5 су қоймасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды, қалған 21 объект бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сондай-ақ, 3 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау және ерекше апатты жағдайдағы 1 объектіні күрделі жөндеу аяқталды. Бұл Батыс Қазақстан облысында халық саны 61 мың адамды құрайтын 16 ауылдық елді мекеннің шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждықтары үшін сумен кепілдендірілген түрде қамтамасыз етуге, 100 мың бас қойға немесе 25 мың бас ірі қара малға арналған 180,0 мың гектар жайылымдарды суландыруға су беру үшін қосымша су шаруашылығы инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді. Бұл Қызылорда облысында 48,5 мың гектар, Түркістан облысында 5,0 мың гектар, Жамбыл облысында 6,8 мың гектар алаңдағы суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды.

Енді 2019 жылы 10 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау жоспарлануда. Республиканың 7 облысында (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстары) жаңа 22 су қоймасын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жалғасуда.

Фото: inbusiness.kz

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар