Нұр-Сұлтан күнінде 100 адам ұсталды

Алмас Нүсіп - 09.07.20191179

6 шілде күні елорда мен Алматыда 100-ден аса адам ұсталды. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, полиция азаматтарды рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін ұстаған.

Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ ұсталған азаматтардың бір бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, бір бөлігі әкімшілік қамауға алынғанын, ал бір бөлігіне айыппұл салынғанын айтады.

«Рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін еліміз бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100-ден аса адам ұсталды, 44-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19-ы әкімшілік қамауға алынды, 23-іне айыппұл салынды, қалғандарымен жеке-жеке сөйлесіп, үйлеріне жіберілді», - деді Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейінгі сұхбатында.

6 шілде күні екі қалада да митинг өткізу үшін талаптанған азаматтар болды. Пракуратураның бірнеше мәрте ескерткеніне қарамастан жекелеген азаматтар наразылық білдіруге тырысқаны белгілі болған.

Бұған дейін 9 маусымдағы ҚР президенті сайлауы күні Қазақстан полициясы рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін деп 4 мыңға жуық адамды ұстағанын айта кету керек.

Фото: almaty.tv

Мақала авторы:

Алмас Нүсіп

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар