Әбдірахымов: Қыздардың өзі алып қашып кетсе деп тұрады

Асмира Ермекқызы - 09.07.20192136

Бұған дейін «әйелдеріңе ие болыңдар!» деп Арыс оқиғасы кезінде аты дауға іліккен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ Шымкенттегі қыз алып қашуға байланысты қыздардың өзін кінәлады. Ол бұл туралы Үкімет отырысынан кейін журналистреге берген сұхбатында айтты.

Журналистерге Шымкент қаласының 2023 жылға дейін даму жоспарын айтып берген әкім сөз арасында Шымкент қаласына туристерді тарту үшін ең қауіпсіз қалаға айналдыру мәселесіне тоқталған. Осы сөзден кейін Шымкентте қыз алып қашу мәселесінің әлі де бар екенін алға тартқан тілшілер «қыздарға сіздің қалаға бару қауіпті емес пе?» деген сұрақ қойды.

"Шымкентте қыздарды алып қашпайды. Қазір осы тақырыптың айналасында болып жатқан жағдайларға қарасаң, бұл Шымкент туралы әшейін бір дақпырт қана. Бірақ, кейде осы қыздардың өзі мені алып қашып кетсе ғой дейтін сияқты", - деді әкім.

Фото: informburo.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар