Қызылордада Батырдың ескерткіші «Лениннің орнына» қойылмақ

Дерек көзі: www.azattyq.org - 04.05.2018328

18 мамыр - атақшы әнші, талантты композитор Батырхан ШҮКЕНОВТІҢ туған күні. Көзі тірі болғанда  дарын иесі 56 жасқа толар еді. Атаулы датаға орай, Қызылорда қаласында әншінің ескерткіші бой көтеріп, жерлестері әншіге лайықты құрмет көрсетпек. Алайда, нысанның орналасатын орны көпшіліктің көңілінен шықпай отыр. Көпшіліктің шағымы билік тарапынан ескерілген де жоқ. Қызылорда қаласының әкімдігі Батырхан Шүкеновтің ескерткішін оқушылар үйінің саябағына орналастыруды жөн санаған. Шаһардың орталығында орналасқан бұл аумақта осыдан бірнеше жыл бұрын Лениннің ескерткіші тұрған болатын. Кейін Кеңес үкіметі тұсында пролетариаттың көсемі атанған тұлғаның бейнесі көзден таса жерге көшірілген. «Өз басым Батырхан Шүкеновтың ескерткіштің оқушылар саябағына қойылғанына қарсымын. Қаланың қақ ортасы болғанымен, ол жаққа көп адамдар бара бермейді. Оның үстіне мерекелік шараларды ұйымдастыратын аумақ өте тар. Әншінің құрметіне қойылған ескерткіштің жанында ән кештерін ұйымдастыру жағы қиын. Батыр тек Қызылорданың ғана емес, бүкіл еліміздің атағын аспандатқан тұлға. Сол себепті оның бейнесі көпшіліктің көз алдында болғаны дұрыс», - дейді қала тұрғыны Светлана АЛЬМУХАНОВА. «Бұл жер халық арасында «пионерлер паркі» аталып кеткен аумақ. Лениннің ескерткіші ондаған жыл тұрды. Енді келіп, сол жерге Батырдың тұғырын қою ұят сияқты. Бұл мәселе турасында әлеуметтік желілерде қызылордалықтар пікірін білдіріп те жүрді. Қызу талқыланған тақырып. Тіпті, әншінің туыстарының өздері ескерткішті ашық жерге қою қажеттігін бірнеше мәрте айтты. Бірақ, шенеуніктер әдеттегідей өздері шешім қабылдап отыр», - дейді тағы бір қала тұрғыны Жанай МАНАТБАЙ. Расымен, ескерткіштің орналасатын аумағы қоғамда қатты талқыланған болатын. Батырхан Шүкеновтің фанаттары әлеуметтік желілер арқылы дауыс жинап, тұғырды Қорқыт ата және Желтоқсан көшелерінің қиылысына қоюды ұсынған еді. Бірақ, қабылданған шешім өзгермейтінге ұқсайды. «18 мамыр күні ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Қазір тұғыр Алматы қаласында жасалынып жатыр. Аяқталуға жақын. Қалалық әкімдік оқушылар үйінің саябағында орналастыру жөнінде шешім шығарды. Нысанның айналасы көгалданатын болады. Ескерткіштің авторы – қызылордалық мүсінші Мұрат МАНСҰРОВ», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының ресми өкілі Жанар НҰРЖАҚЫПОВА. Ескерткіштің ашылу кешіне әншінің туыстары мен жақындары келмек. Сондай –ақ, Ресейден келетін эстрада жұлдыздары өнер көрсететін болады деп жоспарланып отыр.

Фото: zhasalash.kz

 

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды