Тәжік билігі халық санағы кезінде адамдардың діни сенімін анықтамақ

Дерек көзі: www.azattyq.org - 10.07.2019204

Тәжік билігі кезекті халық санағы кезінде Тәжікстанда түрлі дін өкілдерінің қанша екенін анықтамақ. Тәжікстан парламенті төменгі палатасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің өкілі Абдухалим Гаффоровтың айтуынша, елде тұрғындардың дені ислам дінін ұстанады, бірақ бұны халық санағы кезінде нақтылау керек.

"Біз халықтың 90 пайыздан астамы мұсылман дейміз. Халық санағы барысында қанша мұсылман, қанша христиан, қанша атеист және басқа да дін өкілдері бар екенін анықтаймыз" деді депутат.

Гаффоровтың айтуынша, мұндай мәлімет мемлекеттік органдарға, сонымен бірге Тәжікстан билігімен әріптес халықаралық ұйымдарға қажет. Әлемнің көптеген елінде халық санағы барысынды діни сенімі туралы сұрақ жоқ немесе мұндай сауалға жауап беру міндетті емес.

Тәжікстанда ислам дініне жатпайтын 70-тен астам діни ұйым тіркелген. Тәжік билігінің діни ұйымдар мен ислам дінінің түрлі ағымдарына қысым жасап отырғанын халықаралық ұйымдар мен батыс елдері үнемі сынайды. АҚШ үкіметінің Халықаралық діни бостандық есебінде "Тәжікстанның салафи, Иегова куәгерлері, протестанттарды қудалайтыны" жазылған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.