Сот үкіміне наразы жұрт Назарбаевтың кеңсесіне келді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 10.07.2019579

Бүгін, 10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында сот шешімдеріне наразы отыздан аса азамат Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне келді. Олар ведомствоаралық комиссия құрылып, істердің қайта қаралуын сұрайды.

"Біз ешқандай саяси ұйым я қозғалыс, оппозиция емеспіз. Біз сот жүйесінен әділдік таппай, шарасыздан келіп тұрған қарапайым азаматтармыз", деді жиналғандардың бірі Әділхан Шынтасов.

Кеше, 9 шілде күні Қазақстан атанасында ондаған адам президент әкімшілігінің алдына жиналып, өздеріне немесе туыстарына шыққан сот үкімдеріне наразылық білдірді. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап етті. Олар кешке дейін ғимарат алдында тұратынын айтып отыр.

Бұл - наразы топтың президент Тоқаевпен кездесуді екінше рет талап етіп жиналуы. Бірінші рет олар Нұр-Сұлтанда 4 маусымда жиналып, "Нұр Отан" партиясының орталық ғимаратына шағымдарын жеткізген. Сол кезде Тоқаевпен кезедсуді талап еткен олар өз істеріне қатысты арнайы комиссия құруды сұраған. Кейбірі партияның ғимаратында қонып қалған еді. Дегенмен Тоқаев сол кезде аймақтарда жүргендіктен, наразылармен "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев кездесіп, мәселелерін қарау үшін арнайы комиссия құрылады деп уәде еткен.

Алайда бүгінгі жиналғандар әлі күнге ешқандай комиссия құрылмағанын айтады. Олар өздерін сайлау алдында билік партиясы алдады деп есептейді.

Наразылар «Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың отставкаға кетуін» талап етеді. Жиналғандардың ішінде «заңсыз сот шешімінің негізінде жалғыз баспанасынан айырылдық», «баласының өлімін дұрыс тергемеді», «жақынын жазықсыз түрмеге отырғызды» деп келгендер болған. Наразылардың арасында Алматы, Көкшетау, Петропавл және Павлодар қалаларынан барған адамдар бар.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.