Instagram өзгелердің тіл тигізуінен қорғайтын функция енгізді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 11.07.2019193

Instagram әлеуметтік желісі интернеттегі тіл тигізу, қорлау мен қудалауға қарсы жаңа функциялар енгізді. Бұл ақпарат 8 шілдеде компанияның сайтында жарияланды.

Instagram-да қазірдің өзінде жасанды интеллект негізіндегі функция бар. Ол қолданушының жазбаға қалдырған пікірі автордың намысына тиюі мүмкін екенін ескертеді. Бұған дейін жүргізілген сынақ қорытындысы осындай ескертуден кейін бірқатар қолданушының бастапқы пікірінен бас тартып я автордың «көңіліне келмейтін» өзге пікір жариялағанын көрсеткен.

Әлеуметтік желідегі екінші функция – қолданушының «көңіліне келетін» пікірлерді «шектеуге» мүмкіндік береді. Олар тек соны жазған адамға ғана көрініп тұрады. Қолданушы бұғаттаған адамдар оның желіде қашан болғанын және хабарламаны оқыған-оқымағанын көре алмайды.

Компания пікірінше, бұл функция қолданушыларын бұғаттағысы келмейтін я оларға шағым түсіргісі келмейтіндерге өте ыңғайлы.


Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.